18.05.2021, 15:18
Оқиғалар
Есірткіні шұлығына жасырған ШҚО тұрғыны ұсталды
5,64 грамм шығатын тәркіленген заттың кептірілген марихуана екені анықталды
көрнекі фото
Шекаралық бақылау бекетінде Шемонаиха қаласының 54 жастағы тұрғынын тексеру барысында қызметтік ит есірткі болуы мүмкін деген белгі берген. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Тексеру барысында жолаушылар терминалының үй-жайындағы еденде спецификалық иісі бар қоңыр түсті өсімдік тектес заты бар қағаз түйіншек табылып, тәркіленді. Жеке тінту барысында қағаз түйіншекті шұлығына жасырғаны анықталды.
Сараптамаға сәйкес, салмағы 5,64 грамм шығатын тәркіленген заттың кептірілген марихуана екені анықталды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 286-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Көп оқылған
21.10.2026, 11:33
Маңғыстауда кәсіпкер жалған құжат жасап алып, шетелге танкерімен 45 млрд теңгенің мұнайын апарып сатқан (ВИДЕО)
21.10.2026, 09:33
«Ішерге су, жеуге тамақ жоқ отырған»: ШҚО-да полиция тарақандардың арасында өмір сүрген төрт баланы ата-анасынан алып кетті (ВИДЕО)
21.10.2026, 16:07
Келесі жылдан бастап Қазақстанда кімдерге АӘК төленбейді – үкімет тағы бір қаулы қабылдады
21.10.2026, 10:30
Астанада бес жігіт 238 печеньенің ішіне есірткі салып, оны қала тұрғындарына күні-түні сатқан (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды