ШҚО-да көлік аударылып, 24 жастағы жолаушы қаза тапты

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

ШҚО-да көлік аударылып, 24 жастағы жолаушы қаза тапты
Фото: ашық дереккөзден

ШҚО-да көлік аударылып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жылдың 10 сәуірінде шамамен сағат 20.00-де 43 жастағы автокөлік жүргізушісі Катонқарағай ауданының «Өскемен-Рахман қайнарлары» жолымен келе жатып, қауіпсіздік жылдамдығын сақтамай ұзақ бұрылыста рульді басқара алмай жол жиегіне шығып кетіп, кюветке аударылған.

ЖКО нәтижесінде алған дене жарақаттарынан 24 жастағы көлік жолаушысы Катонқарағай ауданының ауруханасында қайтыс болған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі– абайсызда адамның өліміне әкеп соққан көлік құралын басқаратын адамдардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.