ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 1,5 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды

СҚО-да «Ford» көлігі жылқыны қағып кетті

Жылқылардың еркін жайылуына жол бергені үшін бригадир әкімшілік жауапкершілікке тартылды 

СҚО-да «Ford» көлігі жылқыны қағып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шал ақын ауданында Ford Maverick автокөлігінің жүргізушісі жылқыны қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы «Жезқазған – Петропавл» автожолының 796 шақырымында болған. Сағат 23:00 шамасында 66 жастағы аудан тұрғыны Ақан-Барақ ауылына қарай бет алып, келе жатқан. Кенет жолдың жиегіндегі ағаштардың арасынан жолға бес жылқы шыға келген. Көлікті шұғыл тежегенімен, жүргізуші олардың біреуін қаққан. Жол апаты нәтижесінде көлікке механикалық зиян келген. Жүргізуші де, жылқы да зардап шеккен жоқ, жануар шаба жөнелген. Оқиға жайлы хабарлама алғаннан кейін, полицейлер жергілікті ЖШС-ға тиесілі жылқыларды іздеуге шара қабылдаған. Бағуға жауапты бригадир жылқыларды табыннан кездейсоқ бөлініп кеткен деп түсіндірген. Жылқылардың еркін жайылуына жол бергені үшін бригадир әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Осы оқиға қаңғыбас малдар ұрлылардың назарын аудартып қана қоймай, жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіп төндіретіндігін тағы еске салады. Ауданда осындай фактілерге жол бермеу бойынша жұмыс жүргізілуде, — дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Руслан Мұхамбетжанов.