Төрт адамнан құралған қылмыстық топ ұрлыққа түнде шығып отырған
Ұрылар Алматыдағы банк терминалдарын тонап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаскөйлердің түнде жұмыс істегені анықталды. Бұзу арқылы олар әртүрлі банктің терминалдарын ашып, кассетаны шығарып, ақшаларын алып, содан кейін ұяшықты құрылғыға қайта орнатқан.
«Күдіктілер қамауға алынды. Олар төртеу. Соңғы қылмысы кезінде олар терминалдан 160 мың теңгеден астам қаражатты ұрлап кеткен. Жауап алу кезінде күдіктілер осыған ұқсас төрт ұрлық істегенін мойындады. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша тергеліп жатыр. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Медеу аудандық ПБ-ның басшысы Дәурен Өтебаев.