Күдікті Алматы қаласының аумағында жасырынып келген
Алматы полициясы Қырғызстанда адам өлтіргені үшін іздеуде болған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Адам өлтіргені үшін 1989 жылы туған А. есімді ер адам Қырғызстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде іздеуде болған.
«Күдіктінің Алматы қаласының аумағында жасырынғаны туралы жедел ақпаратты алдық. Дереу жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, нәтижесінде А. есімді азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Күдіктіні экстрадициялау мәселесі халықаралық шарттарға сәйкес шешілетін болады», – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.