12.05.2021, 12:49
Оқиғалар
Шымкент маңындағы ауылдардың бірінен бомба табылды
Полицейлер бомбаны залалсыздандырды
Шымкент маңындағы ауылдардың бірінен бомба табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 11 мамыр күні жергілікті тұрғын қала аумағындағы ауылдардың бірінде қой бағып жүрген кезінде гранатаға ұқсас затты тауып алған. Кейін болған жағдайды Шымкент ҚПД Еңбекші ауданы ПБ-ның кезекші бөліміне хабарлап айтқан.
Аталған хабарлама бойынша Еңбекші АПБ-ның полиция қызметкерлері шақырту болған жерге шұғыл барды. Тексеру барысында тәртіп сақшыларымен қара түсті граната анықталып, қоршауға алынып залалсыздандырылды.
Шымкент қаласының ПД жарылғыш затты тапқан кезде одан алыстап, ықтимал қауіп туралы айналадағы азаматтарға ескертіп, дереу полицияға “102” телефоны бойынша хабарлауға кеңес береді.
Көп оқылған
26.10.2026, 06:16
Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды
26.10.2026, 14:00
Түркияда қазақстандық бойжеткен биіктен құлап қаза тапты: СІМ
26.10.2026, 07:22
Тұман, шаңды дауыл, көктайғақ: 26 қазанға арналған ауа райы болжамы
26.10.2026, 17:02
Жезқазғанда екі мас жүргізуші жолда жарыс ұйымдастырған (ВИДЕО)
26.10.2026, 12:11
Астанада қонақүй кешенінде өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды