Әйел адам дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді
Павлодарда зейнеткер балконнан құлап кетті. Қайғылы жағдай шамамен сағат 13:00-де Н.Назарбаев даңғылындағы тұрғын үйде болған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, зейнеткер абайсызда екінші қабатта орналасқан балконнан құлап кеткен.
«Әйел адам дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді», - дейді департаментте.