ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте КВИ жұқтырғандар саны күрт өсті

Қарағандыда 200 келіге жуық балықты заңсыз ауланған браконьерлер ұсталды

Келтірілген шығын көлемі 800 мың теңгеден асады

Қарағандыда 200 келіге жуық балықты заңсыз ауланған браконьерлер ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

9 мамырда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының ПБ қызметкерлері Балқаш көлі аймағында рейдтік іс-шаралар өткізді. Тәртіп сақшлары су қоймасының жағасынан тура 300 метр қашықтықта мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ УАЗ автокөлігін байқады. Автокөлік жолсыз жермен жүріп, “Екатеринбург-Алматы” тас жолына өтпек болған.

Полиция 30 жастағы ер адам басқарған күдікті көлікті ұстады. Одан басқа көліктің ішінде 59 және 50 жастағы екі жолаушы болған.

Тексеру барысында полицейлер автокөліктің жүксалғышынан 200 келіге жуық әр түрлі балық түрлерін тапты. Келтірілген шығын көлемі 800 мың теңгеден асады. ҚР ҚК-нің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз өндіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.