Самарқанд су қоймасында адасып кеткен екі балықшы табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың денсаулықтарына төніп тұрған қауіп жоқ

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жоғалып кеткен екі балықшыны тапты деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, балық аулауға шыққан жергілікті екі тұрғын тұман салдарынан жолды таба алмай, адасып кеткен. Оларды іздеу жұмыстары 10 желтоқсанда сағат 17:20-да басталды. Араға 3 сағат 30 минут салып құтқарушылар балықшыларды Самарқанд су қоймасынан тауып, жағаға жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмады дейді құтқарушылар.

Іздеу жұмыстарына ТЖД-ның 14 маманы мен 2 техника жұмылдырылған. Қалың тұман салдарынан көру мүмкіндігі төмендеп, қиындықтар тудырыпты. Жоғалған адамдардың телефон байланысы болған. Алайда, олар өздерінің нақты қай жерде тұрғандарын айта алмаған. Біраз уақыттан кейін телефон қуаты таусылып, өшіп қалған.