Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды
Шымкентте автобус жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
2021 жылдың 6 мамыр күні Қазыбек би және Т.Рысқұлов көшелерінің қиылысында автобус жүргізушісі көлік құралын басқара алмай, тротуарға шығып, ағашқа соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы кезінде автобус ішінде жолаушылар болмаған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі (көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын Көлік құралдарының, жүктердің, жолдардың, жол және басқа да құрылыстардың немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан, материалдық залал келтірген бұзуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.