ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 967 адамнан COVID-19 вирусы анықталды

Ақмола облысында студентті өлтірді деген күдікпен екі ер адам ұсталды

Кісі өлтіру фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі іс бастады

Фото: ашық дереккөзден

Ақмолалық жедел уәкілдер студентті өлтірді деген күдікпен екі ер адамды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2021 жылғы 4 мамырда сағат 16.17-де Бурабай ауданының ПБ кезекші бөліміне Щучинск қаласының 46 жастағы тұрғынынан 3 мамыр күні сағат 21.00-де өзінің қара түсті "Мерседес-180" автомашинасымен үйінен шығып, осы уақытқа дейін байланысқа шықпаған 19 жасар ұлын іздестіру шараларын қабылдау туралы өтініш келіп түсті.

Аталған факті бойынша ПБ жеке құрамы бағдарланды, іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде аталған автокөлік Щучинск қаласындағы жергілікті үйлердің бірінен табылды.

Бурабай ауданының ПБ қызметкерлері облыс ПД қызметкерлерімен бірлесіп осы қылмысты жасағаны үшін 20 және 22 жастағы ауданның екі тұрғынын әшкерелеп, ұстады. Олар жасаған қылмысын мойындап, олар адамды өлтіргеннен кейін оның денесін жасырған жерін көрсетті.