06.05.2021, 10:28
Оқиғалар
Қызылордада жыл басынан бері 2 бала терезеден құлап кетті
Аталған деректер бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде
Фото: ашық дереккөзден
Қызылордада жыл басынан бері 2 бала терезеден құлап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Аталған деректер ҚР ҚК-нің 141-бабы бойынша (Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) тіркеліп, олар бойынша қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ата-аналарды қауіпсіздік шараларын сақтап, кішкентай балаларды терезесі ашық бөлмеде жалғыз қалдырмауларын және төмендегі кеңестерге назар аударуларын сұраймыз.
- – Үйде балалар болған жағдайда ешқашан терезені ашық қалдырмаңыз;
- – Баланың терезені өздігінен аша алмауы үшін арнайы құлып жүйесін орнатыңыз;
- – Терезенің алдындағы жиһазды басқа жерге қойыңыз, бұл баланың құлауының алдын алуға септігін тигізеді;
- – Терезелерге темір қоршаулар орнату қажет.
Көп оқылған
26.10.2026, 06:16
Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды
26.10.2026, 14:00
СІМ: Түркияда қазақстандық бойжеткен биіктен құлап қаза тапты
26.10.2026, 17:02
Жезқазғанда екі мас жүргізуші жолда жарыс ұйымдастырған (ВИДЕО)
26.10.2026, 07:22
Тұман, шаңды дауыл, көктайғақ: 26 қазанға арналған ауа райы болжамы
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды