​ Петропавлда жеңіл көлік ағашқа соғылды

Автор: Azattyq Rýhy

Тексеріс кезінде ер адамда көлікті басқару құжаты болмай шықты

Фото: ашық дереккөзден

Петропавлда жеңіл көлік ағашқа соғылды. Жамбыл-Чайковский көшелерінің қиылысында «Рено» көлігін басқарған 34 жастағы қала тұрғыны рөлге ие бола алмай қалған. Көлік ағашқа соғылып, ағаш жерге құлаған. Жүргізуші медициналық мекемеге жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді. Тексеріс кезінде ер адамда көлікті басқару құжаты болмай шыққан. Сондай-ақ, ол медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан. Медициналық куәландырудан бас тарту құқық бұзушылық болып табылады.

«Медициналық куәландырудан өтуден бас тартқаны, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ болғаны және жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін қала тұрғынына қатысты  Әкімшілік кодекстің 613-бабы 9-бөлігі және 610-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар хаттама толтырылды. Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Петропавл қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотына жіберіледі. Қолданыстағы әкімшілік заңнамаға сәйкес жүргізушіге қатысты әкімшілік ықпал ету шарасы - әкімшілік ұстау қабылданды», - дейді Петропавл қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Жамбыл Қалиев. 

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО