Алматы облысында танысын «азаматтық алып беремін» деп алдаған алаяқ ұсталды

24 жастағы күдікті өз кінәсін толығымен мойындады

Алматы облысында танысын «азаматтық алып беремін» деп алдаған алаяқ ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында танысын «азаматтық алып беремін» деп алдаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбекшіқазақ ауданының тәртіп сақшылары кезекті алаяқтық дерегін ашты. 

Көктөбе ауылының 24 жастағы тұрғыны Еңбекшіқазақ АПБ кезекші бөліміне 2020 жылдың маусым-тамыз айларының аралығында өзінің танысына Қазақстан Республикасының азаматтығын жасатып беремін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 200 мың теңгесін иемденгені туралы арызданған.   

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті 24 жастағы Есік қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Жауап алу барысында ол өз кінәсін толығымен мойындады. Аталған дерек негізінде ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.