04.05.2021, 23:37
Оқиғалар
Атырау облысында жол-көлік апатынан 2 адам қаза тапты
Сондай-ақ 4 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді
Фото: ашық дереккөзден
Атырау облысында ірі жол-көлік апаты болып, 2 адам оқиға орнында қаза тапты. Сондай-ақ, ауыр жарақатпен 4 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жол-көлік апаты Құрманғазы ауданындағы №9 теміржол бекетінің тұсында болды. «УАЗ» бен Lada Largus көліктерінің соқтығысуы салдарынан 18 және 30 жастағы екі ер адам көз жұмды. Тағы 4 адам түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілді», - делінген облыстық Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.
Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
