Жамбыл облысында бір колонияға екі күнде 140-қа жуық тыйым салынған заттарды алып өткізбекші болған

Анықталған фактілер бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр 

Жамбыл облысында бір колонияға екі күннің ішінде 140-қа жуық тыйым салынған заттарды алып өткізбекші болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Тыйым салынған заттарды ҚАЖ мекемелеріне апару өте қиын. Алайда сотталғандар, олардың туыстары мен таныстары ұялы телефондарды жеткізудің алуан түрлі тәсілдерін қолданады.

2021 жылғы 29 сәуірде Тараз қаласының ЖД-158/7 төтенше қауіпсіздік мекемесінде колония аумағына тыйым салынған заттарды жіберу фактісі анықталды. Колония шаруашылық ауласының аумағына екі түймелі ұялы телефоны бар түйіншекті ауыстыру сәті бейнебақылау камераларымен тіркелді.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 2000 жылы туған А. есімді азамат ұсталып, ол тыйым салынған затты өткізгені туралы мойындады.

«Тыйым салынған заттардың өткізілуі қоғамдық қауіпті әрекет болып табылады, өйткені ол Колониялардағы құқықтық тәртіпке қол сұғады, жедел жағдайдың тұрақсыздануына, жазаны өтеу режимі мен тәртібінің бұзылуына ықпал етеді. Жыл басынан бері мекеме қызметкерлері 300-ге жуық мобильді құрылғыны, бір килограмнан астам есірткі заттарын, 3 литр спирттік ішімдіктерді және 19 бірлік шаншу - кесу заттарын тәркіледі», - деп хабарлады Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Бекболат  Ескеев.

Бұдан екі күн бұрын тыйым салынған заттардың ірі жеткізілімін Тараздың осы колониясына тасымалдаушы болғандар жайлы атап өтілді. Колония қызметкерлері жедел ақпарат бойынша 140-қа жуық тыйым салынған заттардан (85 ұялы телефон, 11 сим-карта, 18 жұп құлаққап, 21 зарядтағыш және 2 USB адаптері) тұратын «сәлемдемені» уақытында тапты.

«Сәлемдеме»  фольгада жасырылып, ағаш блоктарда мөрленген. Оны 25 жастағы азамат өткен жылдың қазан айынан бастап мекеме аумағында жұмыс істейтін ағаш өңдеу кәсіпорнына ағаш жеткізуді сылтаумен өткізуді жоспарлады.

Екі факті бойынша тексеру тағайындалды, тергеу іс-шаралары жүргізілуде, ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттарды, бұйымдар мен заттарды беру» бойынша материалдар дайындалды.

ҚР ІІМ ҚАЖ Комитеті сотталғандардың бас бостандығынан айыру орындарында тыйым салынған заттарды пайдалануы бөлігінде бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік саясатын жүргізгенін атап өтті. Тыйым салынған заттарды ҚАЖ мекемелеріне апару өте қиын. Тексеру жүргізу үшін ҚАЖ барлық мекемелері арнайы жабдықтармен жабдықталған, қызметкерлерді қоса алғанда, мұқият тексеру жүргізіледі. Сотталғандарға берілетін сәлемдемелер және бандерольдер мұқият тексеріледі. Бақылау мұнараларынан көзбен шолып күзету жүргізіледі. ҚАЖ және полиция қызметкерлері мекемеге іргелес аумақты патрульдеуді жүргізеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.