Тергеу кезінде қайтыс болған Екібастұз тұрғыны оқушыны зорлағаны үшін кінәлі деп танылды
Қайғылы жағдай өткен жылдың тамыз айында болған

Тергеу кезінде қайтыс болған Екібастұз тұрғыны оқушыны зорлағаны үшін кінәлі деп танылды. Істі Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жабық түрде қарады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қайғылы жағдай өткен жылдың тамыз айында болған. 24 жастағы ер адамға жасөспірім қызды зорлады деген айып тағылды. Алайда, жас жігіт алдын-ала тергеу барысында 2020 жылдың 13 қарашасында қайтыс болды.
Заңға сәйкес, қайтыс болған адамға қатысты істі туыстары қайтыс болған адамды ақтау үшін талап етсе, қарауға болады.
Ондай өтінішпен адвокат және айыпталушының заңды өкілі - оның әкесі жүгінген.
Тергеу мәліметтері бойынша, сотталушының кінәсі кәмелетке толмаған жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сондай-ақ сарапшылардың қорытындыларымен дәлелденген.
Прокурор Екібастұз тұрғынын өзіне тағылған айыптар бойынша кінәлі деп тануды және оның қайтыс болуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрады.
Күдіктінің әкесі мен оның адвокаты ер адамды ақтауды сұраған.
"Сот үкімімен сотталушы өліміне байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық процессуалдық кодексінің 393-бабы, 7- бөлігіне сәйкес жазаны қолданбай, кәмелетке толмаған қызды зорлау әрекетін жасағаны үшін кінәлі деп танылды", - деді Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Асхат Нұркиев.