$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.04.2021, 04:47
Оқиғалар

Маңғыстауда әйел адамды өлтіріп, 3 млн теңгесін алып кеткен күдікті ұсталды

Тінту кезінде ер адамнан 2 млн 500 мың теңге ақша тәркіленді

 
Маңғыстауда әйел адамды өлтіріп, 3 млн теңгесін алып кеткен күдікті ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Маңғыстауда кісі өлтіру дерегі ашылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылы 25 сәуірде Ақтау қаласының 5 шағын ауданындағы тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінен әйел адамның мәйіті табылған болатын. Сонымен қатар, оқиғаны тергеп-тексеру барысында “Kaspi Gold” картасынан үш миллион теңге сомасындағы ақша қаражатының жоғалғаны анықтады.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында Түпқараған ауданындағы Таушық ауылында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Тінту кезінде полицейлер одан 2 миллион 500 мың теңге ақша қаражатын тәркіледі», - делінген хабарламада.

Күдікті ҚР ҚІЖК 128-бабы негізінде Ақтау қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
 

Серіктес жаңалықтары