$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.04.2021, 12:12
Оқиғалар

Қостанайда өрт шығып, мүгедек әйелді күйік шалды

Өрт сөндірушілер 31 адамды эвакуациялады

Қостанайда өрт шығып, мүгедек әйелді күйік шалды

Қостанайда өрт шығып, мүгедек әйелді күйік шалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

24 сәуірде Қостанай қаласының мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің (1-МӨСБ) пультіне таңғы сағат 8:30-да Көбеев-2А мекен-жайында көппәтерлі тұрғын үй жанып жатқаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

Бес минуттан кейін ТЖ орнына келген соң бесінші қабатта 15 шаршы метр алаңда 3 бөлмелі пәтер ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды.

1949 жылы туған пәтер иесі мүгедек, ол өз бетінше қозғала алмады. Қысқа уақыт ішінде жалын таралып, кіреберіс өткір түтінге оранды. Бұл кезде әйел баспалдақ алаңында болған. Кейбір тұрғындар өздігінен эвакуацияланып, әйелге түсуге көмектесті. Азаматша тұншықтырғыш газбен уланып, қол мен арқасының екінші дәрежелі күйігін алғаны анықталды, құтқарушылар оны дәрігерлерге тапсырды.

Өрт сөндірушілер 31 адамды, оның ішінде 3 баланы тауып, эвакуациялады.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 9 адам және 2 техника жұмылдырылды.

Нәтижесінде өрт сөндірілді. Пәтерде жиһаз, перделер, төсек-орын жанып кетті. Өрттің шығу себебі анықталуда. Қаза болғандар жоқ, зардап шеккен әйел дәрігерлердің бақылауында, ал эвакуацияланған тұрғындар пәтерлеріне оралды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Қостанай #өрт