Алматыда белгісіз ер адам тұрғын үй кешенінің күзетшісін атып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Әлеуметтік желіде оқиға куәгерлері түсірген видео пайда болды

Видеодан кадр

Алматы қаласында белгісіз ер адам Бұқар жырау-Тауэрс тұрғын үй кешенінің күзетшісін атып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

Әлеуметтік желіде оқиға куәгерлері түсірген видео пайда болды. Кадрлардан құқық қорғау органдарының он шақты қызметкерінің күзетші бөлмесін тексеріп жатқаны байқалады.   

«Тұрғын үй кешені күзетшісі мен белгісіз ер адамның арасында болған жанжал салдарынан, күзетші аяғынан жарақат алған. Алдын ала болжам бойынша оқ аңшы мылтығанан атылған», - делінген Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында. 

Күзетші ауруханаға жеткізілді..

Қазіргі уақытта оқиға орнына полиция күштері тартылды, күдіктіні ұстау шаралары қабылданып жатыр.