Алматыда 6 адамнан тұратын қылмыстық топ мүшелері сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның құрамында бұрынғы қаржы полициясының қызметкері мен банк бөлімшесінің қазіргі басшысы бар

Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Қаржылық мониторинг агенттінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті 2017-2019 жылдары оған бағынышты 7 компания арқылы 3,9 млрд теңгені қолма-қол ақшаға аударған қылмыстық топ қызметінің жолы кесілді.

Қылмыстық топтың құрамында бұрынғы қаржы полициясының қызметкері мен банктердің бірінің бөлімшесінің қазіргі басшысын қосқанда 6 адам бар.

Сот үкімімен айыпталушылар Қылмыстық кодекстің 28-б. 5-б., 216-б. 3-б. (нақты жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей және тауарларды жөнелтпей шот-фактуралар жазып беру бойынша әрекеттер жасау) бойынша кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айыру түріндегі әртүрлі жаза мерзіміне сотталды.

Қылмыстық топ мүшелерінің мүлігі мемлекет кірісіне айналдырылды.

Анықтама үшін:

2020 жыл бойынша ҚР ҚМА Алматы қаласы бойынша ЭТД ҚР ҚК 2016-б. бойынша 85 қылмыстық іс қозғады, соның ішінде жалған фирмалардың банк шоттарынан қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру саласындағы қылмыстық топты құру және оған басшылық етудің 3 фактісі анықталды.