Төтенше жағдай Нұр-Сұлтандағы екінші қалалық ауруханада болған
Экс-депутаттың ұлы өз-өзіне қол салмақ болды, деп хабарлайды Аstanatv.kz.
Төтенше жағдай Нұр-Сұлтандағы екінші қалалық ауруханада болған. Заң бөлімінің басшысы өз кабинетін іштен құлыптап алып, өзіне-өзі қол салған. Бұл туралы әлеуметтік желіде ақпарат тарады.
«Абырой болғанда, дәрігерлер шапшаң қимылдап, оны аман алып қалған. Қазір науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл оқиғаның нақты себебін полицейлер білмейді. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы суицид дерегін жоққа шығарды», - делінген ақпаратта.
Аурухананың заң бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарған науқастың қан тамырлары ауруы диагнозымен емделіп жатқанын айтты. Қазіргі уақытта оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.