Полицейлердің айтуынша, автокөліктің дөңгелегі жарылып қалған
Павлодарда жүргізуші дүңгіршекті қағып кетті. Абырой болғанда, сатушы мен басқа да адамдар зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 13.00-де Қамзин көшесімен келе жатқан «Тойота» маркалы автокөлігінің дөңгелегі жарылып қалған.
"Жүргізуші рөлге ие бола алмай қалып, дүңгіршекке барып соғылған", - дейді департаменттегілер.
Аталған факті бойынша жүргізуші ҚР ӘҚБК 610-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылды.
Сараптама қорытындысы жүргізушінің сау болғанын көрсетті.