21.04.2021, 22:25
Оқиғалар
Қарағандыда ер адам әкімдік терезесінен құлап мерт болды
Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Фото: ашық дереккөзден
Қалалық әкімшілік ғимаратының төртінші қабатынан құлап кеткен жұмысшы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайтыс болған ер адам 37 жаста болған. Алдын ала дерек бойынша, ол әкімшілікте шаруашылық бөлімінің қызметкері ретінде тіркелген екен.
Бұл фактіні Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
«Аталған факт Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық тиісті сараптамалар тағайындалды», - делінген ведомство хабарламасында.
Қарағанды әкімдігінің тарапынан қызметкердің қайтыс болу дерегі расталғанымен, қазірше еш мәлімдеме жасалған жоқ.
Көп оқылған
07.07.2026, 12:24
«Ақсу мен Екібастұзды үрейде ұстаған»: студенттер мен жұмысшыларды бопсалаған қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)
07.07.2026, 10:48
Алматылық онкологтар әйелдің ішінен 10 келі ісікті алып тастады (ФОТО)
07.07.2026, 10:30
«Тұрсынбек неге келмеді?»: Мөлдір Мұқанова Rixos қонақ үйінде үш баласына той жасады (ВИДЕО)
07.07.2026, 07:29
Аптап ыстық басылар емес: 7 шілдеге арналған ауа райы болжамы