Мамандардың ойынша, жануарлар ерте көктемде суға батып кеткен болуы мүмкін
Каспий теңізі жағалауынан, нақтырақ Түпқараған ауданына қарасты «Көсе» деген жерде (Ел ішінде «Досхана қорасы» аталып кеткен жер) 20 бас түйенің өлексесі табылды. Мамандардың ойынша, жануарлар ерте көктемде суға батып кеткен болуы мүмкін. Бүгін қатты толқын болып, жануарлардың денесін жағаға шығарып жіберген.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.
«Қазір аудан әкімдігі, облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен аудандық ветеринария станциясының қызметкерлері шұғыл іске кірісіп, өлген түйелерді жою жұмыстарын қолға алып жатыр», - деп хабарланды.