ТЖД қызметкерлері өрттің көп жағдайда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан болатынын ескертеді
Ақмола облысында бір тәуліктің ішінде екі адам өрттен көз жұмды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Департамент мәліметінше, бүгін Көкшетау қаласының Застанционный кентіндегі жеке тұрғын үйден өрт шыққан.
«Өрт сөндіру кезінде 1969 жылғы үй иесінің денесі табылды. Қазіргі кезде өртің шығу себептері анықталып жатыр. Өрт-техникалық тергеу тағайындалды.Үй иесінің денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді», - деліген хабарламада.
Сондай-ақ 19 сәуір күні Бурабай кентінде күзет вагонында өрт шыққан. Өртті ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 11 адам және 2 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Өрт болған жерден 1955 жылғы күзетшінің денесі табылды.
Ақмола облысының ТЖД қызметкерлері көп жағдайда өрт адамдардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау және немқұрайлылық салдарынан болатынын ескертеді.