$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.04.2021, 01:35
Оқиғалар

Павлодар облысының тұрғыны досының аузына картоп тығып өлтірген

Оған 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды

Павлодар облысының тұрғыны досының аузына картоп тығып өлтірген
Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен досының аузын картоппен тығындап өлтірген ер адамға қатысты істі қарады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Ауыл тұрғыны   2020  жылдың 17 қыркүйегінде  кісі  өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Іс материалдарына сәйкес, Подстепка ауылының тұрғыны досының жалғыз өзі ішімдік ішкені үшін ренжіп қалған. Танысын кереуетте мас күйінде жатқанын көрген ол ұра жөнелген. Бұдан кейін екі шикі картоп түйнегін алып, ұйықтап жатқан адамның  аузына бір-бірден тығындаған. Ер адам механикалық асфиксиядан қайтыс болды.

Прокурор  айыпталушыны 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы мен  оның қорғаушысы бұл қылмысқа қатысы жоқ екенін айтып, ақтау үкімін шығаруды сұрады.

«Алайда ер адам дәрменсіз күйде  жатқан адамды өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Алқабилердің бірауыздан қабылдаған үкімімен 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деп хабарлады облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінде.

Сотталған адам жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде өтеуі тиіс.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

 
Серіктес жаңалықтары