ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 1700-ден астам адамнан вирус анықталды

Ақпанның басында жоғалған атыраулық азамат өлі күйінде табылды

Наурыз Әйтекешов 5 ақпанда үйден шығып кетіп, кері оралмаған

фото: azh.kz

Ақпан айының басында жоғалып кеткен қала маңындағы Талғайраң ауылының 29 жастағы тұрғыны Наурыз Әйтекешов 17 сәуірде өлі күйінде табылды. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Мейірім Ердаулет хабарлады.

Оның денесін «Жанәділ» шаруа қожалығының қызметкерлері вагон контейнерінен тапты.

«Сырттай қарағанда зорлық-зомбылық іздері табылған жоқ, денесі мәйітханаға сараптамаға жіберілді», - деп хабарланды ПД баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетсек, Наурыз 5 ақпанда үйден шығып кетіп, кері оралмаған. Оны іздеуге полиция, құтқарушылар кірісіп, еріктілер де көмекке келді.  

Наурыз Әйтекешов – Қарабатан станциясынан Талғайранға көшіп келген отбасындағы 9 баланың төртіншісі. Осыдан бірнеше жыл бұрын Наурыздың психикасына зақым келіп, кейде басы ауған жаққа кетіп қалатын болған. Алайда, бұған дейін ол табылып жүрген.