ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 1700-ден астам адамнан вирус анықталды

Көшеде балаларына қол көтерген Ақсу тұрғынына қатысты әкімшілік іс қозғалды

Азаматтан қару тәркіленді

көрнекі сурет

Ақсуда балаларына дене жарақатын салған тұрғын заң алдында жауап беретін болды. Аталған фактіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабы, 1-1-бөлігі (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz

«Полиция қызметкерлері Ақсу қаласындағы М.Әуезов көшесіндегі алаңда тұрғынның кәмелетке толмаған екі баласына дене жарақатын салғанын анықтады. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары ер адамның екі тегіс ұңғылы қаруы бар екенін анықтап, тәркіледі», - деді Ақсу қаласының полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Айдын Жүнісов.

Тәркіленген қару қалалық полиция бөлімінің азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау жөніндегі тобына тапсырылды.

Тәртіп сақшылары ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабының 1-бөлігі (азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын сатып алу, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, ҚР аумағына әкелу және ҚР аумағы арқылы транзиттеу тәртібін бұзу) бойынша әкімшілік іс қозғады.