$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.04.2021, 15:38
Оқиғалар

Желі қолданушысы күйеуінің өліміне елордадағы емхана директоры кінәлі деп есептейді

Оның күйеуәі 2020 жылдың 1 желқсанында болған жол апаты салдарынан көз жұмған

Желі қолданушысы күйеуінің өліміне елордадағы емхана директоры кінәлі деп есептейді

Дамира Бақтықожаева есімді желі қолданушысы 2020 жылдың 1 желтоқсанында сағат 17:00 шамасында Абылай хан - Манас көшелерінің қиылысында жол апаты салдарынан жарақат алып, қайтыс болған Г.О. Бекбосынов есімді күйеуінің өліміне қатысты тергеу ісінің 5 айға созылғанын айтып, шағымданды.   

Желі қолданушысы жол апатына Нұр-Сұлтан қаласындағы №8 емхананың директоры Айгүл Құбашқызы Қасымова кінәлі екенін айтты.

«Жол-көлік оқиғасына кінәлі Айгүл Қасымова күйеуімнен атокөлік салонынан шығуын өтініп, сосын оқиға орнынан қашып кетуге тырысып, күйеуімді көлігімен қағып өткен. Арада бірнеше уақыт өткен соң жолдасым алған жарақаты салдарынан есінен танып қалды. Сонда Айгүл Қасымова Гиппократ антын бұзып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен жоқ. Сондай-ақ 103 нөміріне хабарласып, басқа мекен-жайды айтты. «Гүлжан» сауда үйінде ер адам өзін нашар сезінеді» деп, оқиғаның мән-жайын жасырып, жауапкершіліктен жалтаруға тырысты», - деп жазды Дамира Бақтықожаева.

Айтуынша, ҚР Әділет министрлігінің сот-медициналық сараптамасы күйеуінің жол-көлік оқиғасы салдарынан қайтыс болу фактісін растаған.

«Менің ойымша, А.Қ.Қасымова өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, қылмыстық істің барысына ықпал етіп, жауапкершіліктен жалтару үшін оның қаралуын кешіктіріп жатыр. Сондықтан мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгіновтен осы жағдайды ескеріп, А.К.Касымованың қылмыстық іс бойынша тергеу барысына әсер етпес үшін тиісті шаралар қабылдауын сұраймын», - деп жазды ол.

Серіктес жаңалықтары