Полицейлер оны үш күн іздеген
Сарыағаш аудандық полиция бөліміне бірнеше күн жергілікті тұрғындардың бірі арызданып, 13 жастағы қызының із-түссіз жоғалып кеткенін айтқан. Жеткіншек үйінен шығып, сол күйі кері оралмаған деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары елдімекен аумағында іздеу жұмыстарын жүргізген. Сондай-ақ, куәгерлерді сұрап, оның баруы мүмкін жердің бәрі қаралды.
Іздеу жұмыстары үшінші күні нәтиже берген. Полицейлер жоғалған 13 жастағы жеткіншекті Шымкент қаласындағы көшелердің бірінен тапты. Анықталғандай, ол үйден ата-анасымен болған ұрыстан кейін кетіп қалған. Қыз туғандарына аман-есен қайтарылды.