$ 523.2  594.3  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.04.2021, 12:26
Оқиғалар

Биыл 3 айда еліміздің автожолдарында жол апатынан 363 адам қайтыс болған – ІІМ

2621 жол көлік оқиғасы тіркелген

Биыл 3 айда еліміздің автожолдарында жол апатынан 363 адам қайтыс болған – ІІМ

2021 жылдың алғашқы үш айында Қазақстанда жол апатынан болатын өлім-жітім көрсеткіші өсті деп хабарлады ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов елордада өткен брифингте.

«Биыл көлік санының артуынан, отандық автопарктың ескіруінен және жол-көлік инфрақұрылымының дамымауы салдарынан жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) көрсеткіштері көңіл көншітпейді. Алғашқы үш айда жалпы ЖКО саны 4 пайызға (2740-тан 2621-ге), жараланғандар саны 1 пайызға (3634-тен 3605-ке) азайған. Дегенмен, өлім көрсеткіші 12 пайызға артып отыр (325-тен 363-ке)», - деді Серік Түсіпов.

Оның айтуынша, былтыр республика аумағында төтенше жағдай енгізіп, карантиндік шектеулер күшейтілгенде жол көлік оқиғалары бірден азайған. Өлім көрсеткіші де 17 пайызға төмендеген екен.

Қазақстанда ЖКО мен оның ауыр салдары 2013 жылы тіркелген. Ол кезде 12 айда 23 359 жол апаты болса, 3 мыңнан астам адам қаза тауып, 30 мыңға жуығы жарақат алған.

Серіктес жаңалықтары