Қарағанды облысында әскери ұшақ апатқа ұшырады

Автор: Azattyq Rýhy

Қорғаныс министрлігі Су-30 ұшағының құлауына қатысты пікір білдірді

 
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігіне қарасты Су-30 ұшағы Қарағанды ​​облысының аумағында апатқа ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі «Sputnik Қазақстанға» сілтеме жасап. 

Қорғаныс министрлігінің Су-30 ұшағы Қарағанды ​​облысында құлады.

«Ұшақ апатының болғанын растаймыз және толыққанды ақпараттар жинақталып жатыр. СУ-30 ұшағы құлағаны белгілі. Өзге жағдайлар анықталған соң, тиісті хабарлама жасайтын боламыз», – деп түсіндірді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрлік өкілдері экипаж мүшелерінің аман екенін атап өтті.

Айта кетейік, Су-30 ұшағы екі орынды көпмақсатты төртінші буынды әскери ұшақ санатына жатады.