Павлодар облысының су айдындарында балық қырылып жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Өлі балықтар алдымен Баянауыл ауданындағы су қоймаларынан табылды

Павлодар облысының су айдындарында балық қырылып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.  

Онда 400 кг-дай шабақ қырылған. Келесі су қоймасынан 200 келі жас балықтар өлексесі алынды. Кеше дәл осындай жағдай Ертіс өзенінде қайталанып отыр. Балық шаруашылығы инспекторларының айтуынша, Тяпка деп аталатын өзен тарамынан 60 келідей өлі балық су бетіне қалқып шығыпты. Жауапты мекеме мамандары қыс мезгілінде мұзды ойып, саңлау жасалғанын айтады. Бірақ тиімділігі болмай шыққанға ұқсайды. Өзен арнасының тереңдігі кей жерлерде 2 метрге жетеді. Қатты аяздарда су қоймалары толық қатып қалған. Бүгінгі таңда өлген балықтардан сынамалар алынып, зертханаға жіберілді. Зерттеу қортындысы он күн ішінде шығады.

 «Балықтар ауа жетіспеушілігінен қырылып қалуы мүмкін деп болжап отырмыз. Өздеріңіз білесіздер, өткен жыл қуаңшылық жылы болды. Судың деңгейі төмендеп кетті. Қатаң климаттық жағдайлар да әсер еткен сияқты. Өзен-көлдердің толық мұз болып қатуы балықтардың қырылуына әкеп соғады», - дейді «Зайсан-Ертіс» облысаралық балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Қазтай Нұржан.