Шымкентте тұрғынның 8 бас жылқысын сатып беремін деп алдап кеткен алаяқ ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Тексеру жұмыстары жүргізілуде

Көрнекі фотосурет

Шымкентте тұрғынның 8 бас жылқысын сатып беремін деп алдап кеткен алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 11 сәуірінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші аудандық Полиция басқармасына қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында 2019 жылдың қазан айында, белгісіз біреу сеніміне кіріп, сегіз бас жылқысын сатып беремін деп алдап, осы уақытқа дейін жылқыларын немесе ақшасын кері қайтармай жүргенін көрсеткен.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Еңбекші аудандық Полиция басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің 33 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.