ТЖД су басу қаупі жоғары аймақта тұратын азаматтарға сақ болуды ескертеді
Ақтөбе қаласындағы Қарғалы және Думан тұрғын үй алаптарынан 20 адам эвакуацияланып, мектепке орналастырылды. Бұл туралы облыстық Төтернше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
10 сәуір күні түнде Ақтөбеде жеке үйлердің аулаларын еріген қар суы басып, жедел түрде 20 адам, оның ішінде 9 бала М.Арынов атындағы мектепке эвакуацияланды.
«Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың жедел тобы жұмыс істеді. Қазіргі уақытта тұрғын үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ. Тұрғындар өз үйіне қайта оралады. Ақтөбе облысының ТЖД су басу қаупі жоғары аймақта тұратын азаматтарға сақ болуды ескертеді», - делінген хабарламада.