$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.04.2021, 11:56
Оқиғалар

Алматыда карантин талаптарын бұзған нысандар анықталды

Мониторингтік топтар бір түнде 15 мекеменің карантин талаптарын бұзғанын тіркеді

Алматыда карантин талаптарын бұзған нысандар анықталды
Фото: ашық дереккөзден

Алматы қаласында кезекті рет карантин талаптарын бұзған мекемелер анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.    

Мегаполисте күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқан 40-қа жуық мониторинг тобының тексеру жұмыстарының нәтижесінде бір түнде 15 мекеменің карантин талаптарын бұзғаны анықталды.

Мысалы, 9-10 сәуірге қараған түні компьютерлік клубтан, бардан және кафеден 300-ге жуық адамды шығарылды. Құқық бұзушылардың басым бөлігі «Барвиха» түнгі клубынан анықталды. Жабық алаңда 60-қа жуық келуші болды.

Сонымен қатар мейрамхана, кафе, дүкен, компьютерлік клуб және түнгі клуб сынды 13 нысанда карантин талаптарын бұзған 48 адам полиция басқармасына жеткізілді. Атап айтқанда:

- Әуезов ауданы бойынша: «RGB» компьютерлік клубы.

- Бостандық ауданында: «75 Projest» лаунж бары жұмыс істеді, онда 40 адам болды.

- Жетісу ауданы бойынша: «Эльнарус» кафесінде 40-қа жуық адам карантинді бұзған.

- Медеу ауданында: «Барвиха» клубы. Онда 60-қа жуық адам болды.

Барлық мекеме иелеріне қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды.

Алматы қаласының әкімдігі тұрғындарды карантиндік шектеулерді ұстануға және жұқтыру қаупі жоғары нысандарға бармауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары