Ол ақпан айында пара алды деген күдікпен ұсталған болатын
Нұр-Сұлтан қаласында ірі көлемде пара алып жатқанда ұсталған ҚР Жоғарғы сотының судьясы 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық тергеу сотының ақпаратына сілтеме жасап.
2021 жылы 11 ақпанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Жоғарғы соттың Ішкі қауіпсіздік бөлімінің бірлескен шараларының нәтижесінде Жоғарғы соттың судьясы Ж. пара алды деген күдікпен ұсталған.
«2021 жылы 9 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты судьяға қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», – делінген елорданың ауданаралық тергеу сотының хабарламасында.