ШұғылЕлімізде тағы 7778 адамнан коронавирус анықталды

Риддерде жоғалып кеткен 2 жасар баланың денесі табылды

9 сәуір күні кешке қарай жоғалып кеткен сәбиді іздеу жұмыстары түні бойы жүргізілген

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында жоғалып кеткен 2 жасар баланың денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.     

9 сәуір күні кешке қала тұрғыны екі жасар ұлы Арсений Киселевтің жоғалғаны туралы шағым айтып, полицияға жүгінген. Оның айтуынша, сәби жұма күні күндіз әдеттегідей өзге балалармен бірге аулаға ойнауға шыққан, бірақ біршама уақыттан соң жоғалып кеткен.

Баланы іздеу жұмыстарына полицейлер, құтқарушылар, еріктілер мен қала тұрғындары жұмылдырылған. Алайда түні бойы жүргізілген іздеу жұмыстары тоқтатылды. ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, баланың денесі өзен арнасындағы бұтақтар арасынан табылған.

«Кішкентай Арсений аға-әпкелерімен және көрші балалармен бірге ойнап жүрген, алайда сәби біршама уақыттан соң жоғалып кеткен. Баланы іздеу жұмыстарына Өскеменнен келген Полиция департаментінің және Төтенше жағдайлар департаментінің қосымша қызметкерлері, сондай-ақ кинологтар жұмылдырылды.

Өкінішке қарай, өзен бойында ойнап жүріп суға түсіп кетуі мүмкін деген болжам расқа айналды. Оған су қоймасының жағасында табылған іздер дәлел болды. Ал баланың денесі суға құлап кетуі ықтимал тұстан бір шақырым қашықтықтан табылды», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.