$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.04.2021, 03:29
Оқиғалар

Қызылорда облысында жасөспірім дене жарақатымен ауруханаға түсті

16 жастағы тұрғынға белгісіз адам​ пышақпен жарақат салған

Қызылорда облысында жасөспірім дене жарақатымен ауруханаға түсті

Қызылорда облысында жасөспірім дене жарақатымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 8 сәуірінде жергілікті сағат 17:30 шамасында ​ Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қазалы аудандық полиция бөліміне​ жасөспірімнің дене​ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама түсті. Анықталғандай, 16 жастағы аудан тұрғынына белгісіз адам​ пышақпен жарақат салған.

Жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті ретінде 16 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі арқылы 99-бабы 2-бөлігінің 14-тармағымен (Адам өлтіруге оқталу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру​ амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды.​

Оқиғаның​ себептері мен мән-жайы анықталуда.

«Полиция департаментінің ұйымдастыруымен ​ шұғыл кеңес өтті. Кеңеске әкімдік, білім беру өкілдері, «Жас Отан» жастар қанаты және​ басқа да​ мүдделі органдардың өкілдері шақырылды. Шұғыл кеңесте кәмелет жасына толмағандар арасындағы​ құқықбұзушылықтың​ және қылмыстылықтың алдын алу​ бойынша бірлескен жедел іс-шараларды күшейту, сондай-ақ​ ата-аналардың бала тәрбиесіндегі​ ​ маңызды рөлі туралы талқыланды»,- делінген хабарламада.

Өз кезегінде, Қызылорда облысы Полиция департаменті ата-аналарға балаларына аса мұқият болып, бақылауды күшейтуді сұрайды.

 
Серіктес жаңалықтары