Олардың оны - жасөспірім
Жыл басынан бері 58 адам пойыз астына түсіп қаза тапты. Олардың 10-ы жасөспірім, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Көліктегі полиция департаментінің басқарма бастығы Жасұлан Байкеновтің айтуынша, қайғылы жағдай көпшіліктің пойыз жолды кесіп өтуі салдарынан болады.
«Қайғылы жағдайлардың көбі адамдардың белгіленбеген жерлерден өтуінен, музыканы қатты тыңдап, естімей қалуынан болды. Пойыз салмағы 14 мың тоннадан асады. Жедел тежеу уақытында ол тек 800 метрден ғана тоқтай алады», - дейді ҚР ІІМ көліктегі полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жасұлан Байкенов.
Осыған орай көліктегі полиция департаменті мен теміржол маңындағы колледждер мен университет студенттері бірге күресуді қолға алған. Бүгінде республика бойынша 600-ге жуық студент жазатайым оқиғалардың алдын алуға өз септігін тигізіп келеді.