07.12.2019, 13:25
Оқиғалар
Атырау облысында олимпиададан қайтып келе жатқан оқушылар апатқа ұшырады
Жол апатынан Opel автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі қаза тапты
Фото: ашық дереккөзден
Атырау облысы Индер ауданында оқушылар мінген автомобиль жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы 6 желтоқсанда 19:50 шамасында Индер-Атырау жолында Бөдене ауылына жақын маңда болған. Opel Vectra және Lada Х-Ray автокөліктері соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Opel автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі қаза тапты.
Дереккөз мәліметінше, Lada тізгінінде Құрылыс ауылының мұғалімі болған. Ол бес оқушыны аудан орталығы Индербор кентінен олимпиададан алып қайтқан. 9 адам зардап шекті, оның ішінде бес бала бар. Олар аудандық ауруханаға жеткізілді.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 09:00
Үй саламын деп елден 4 млрд теңге жинап алған, Ақтөбедегі жантүршігерлік жағдай: демалыс күндері ел назарын аударған оқиғалар
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды