Павлодар облысында 40 жолаушы отырған автобус өртенді

Автор: Azattyq Rýhy

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ

фото: pavlodarnews.kz

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар – Ленин кенті тас жолында №38 маркалы МАЗ автобусынан өрт шыққан. Көлік № 1 автобус паркіне тиесілі. Жалын 15 шаршы метр алаңды қамтыған. Өрт туралы хабарлама бүгін сағат 08:49-да тіркелген.

Көлікте болған 40 адам өздігінен сыртқа шыққан. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге екі техника мен 9 адам жұмылдырылды.