$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.04.2021, 12:53
Оқиғалар

«СҚО-да еліктер аштан қырылып жатыр». Жауаптылар пікір білдірді

Өткен жылғы есеп бойынша СҚО аумағында 18 мың елік тіркелген

Солтүстік Қазақстанда еліктер қырылып жатыр. Әдетте адам қарасын көрсе алыстан қашатын жануарлар бүгінде үрікпей, жол бойына шығып алған. Әлеуметтік желіде өңірдің әр аумағынан түсірілген видеожазбалар желдей есіп жүр. Видео авторлары жабайы жануарлардың аштан қырылып жатқанына сенімді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Тұрғындардың кейбірі еліктерге жем-шөп, нан апарып берген. Ал облыстық орман шаруашылығы инспекциясының мамандары бейқам отыр. Олар еліктердің көлік астына түсіп және жабайы иттердің кесірінен өліп жатқанын алға тартты.

«Еліктер жаппай қырылып жатыр дегенмен келіспеймін. Бар болғаны 10 шақты факті тіркелді. Бұл әдеттегі жағдай. Жыл сайын болады. Олар көліктермен соқтығысу салдарынан, қаңғыбас иттердің кесірінен алған жарақатынан өлген. Бұл жануарлар әлемі үшін айтарлықтай шығын емес», - дейді СҚО орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аймақтық инспекциясының бөлім басшысы Олег Беспалов.

Өткен жылы СҚО аумағында 18 мың елік тіркелгені айтылды. Ал өңірдегі еліктердің биылғы есебі әзірге белгісіз.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Серіктес жаңалықтары