08.04.2021, 10:30
Оқиғалар
Шекарадан декларацияланбаған ақша алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды
Қаражат көлемі - 88 700 АҚШ доллары
6 сәуірде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіндегілер Түркістан облысындағы «Жібек жолы» өткізу бекетінде 88 700 АҚШ доллары көлемінде декларацияланбаған ақша қаражатын тасымалдау фактісінің алдын алды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметінен хабарланды.
«Қазақстаннан шығуға бет алған жүріс-тұрысы күдікті С. есімді Өзбекстан азаматы ұсталды. Тексеру барысында С. есімді азаматтан (киім астына) жасырылған ақша қаражаты табылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген хабарламада.
Бұл Жібек жолы» өткізу бекетінде ақша қаражатын заңсыз алып-өтуге қатысты алғашқы жағдай емес.
Көп оқылған
21.08.2026, 11:56
Алматыда күйеу баласы мүмкіндігі шектеулі енесін зорлап кеткен
21.08.2026, 09:46
Жалған мәліметтер енгізген: Қазақстан азаматы 290 млн теңге салық төлемес үшін Ресейге қашып кеткен
21.08.2026, 12:12
Қарағандыда 50-ден асқан ер адам әйелдердің киімін киіп, эфирде бейәдеп әрекеттер жасаған (ВИДЕО)
21.08.2026, 10:44
Елімізде Құрылтай есімді қанша азамат бар
21.08.2026, 09:33
Қазақстандық жасөспірім дзюдодан әлем чемпионы атанды (ВИДЕО)