Ойын бизнесін заңсыз ұйымдастырған Қосшы тұрғыны ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Тексеру барысында 4 ойын терминалы анықталып, тәркіленді

көрнекі фото

Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті өкілдері Қосшы кентінің дүкендерінде «Lotomatic» ЖШС-ның лицензиясыз және ҚР ойын бизнесі туралы заңнамасы талаптарын бұза отырып ойын терминалдары жұмыс істейтінін анықтады.

Заңсыз ойын қызметін облыс тұрғыны ұйымдастырған. Тексеру барысында 4 ойын терминалы анықталып, тәркіленді. Қазір ойын бизнесін заңсыз ұйымдастыру фактісі бойынша тергеу жүргізілуде.