$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.04.2021, 03:36
Оқиғалар

Павлодарда жолдың қақ ортасында отырған ер адам жұртты шошытты

39 жастағы қала тұрғыны орташа мас күйде болған

Павлодарда Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының инспекторлары ер адамды ұстады, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияға Торайғыров көшесі мен Н.Назарбаев даңғылының қиылысында, көлік жүретін бөлігінде апаттық жағдай туғызып, көлік құралдарының өтуіне кедергі келтіріп отырған  мас адам туралы қоңырау түскен.

«Медициналық куәландыру нәтижесіне сәйкес, 39 жастағы қала тұрғыны орташа мас күйде болған. Павлодар қаласының тұрғыны уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына (медициналық айықтырғыш) орналастырылды», - дейді департаментте. 

Қоғамдық орында мас күйінде болғаны үшін ер адам ҚР ӘҚБК 440-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Серіктес жаңалықтары