Жасөспірім өзі ғана емес, сүйіктісімен бірге кеткен
23 наурызда Жамбыл облыстық полициясына Тараз қаласының 45 жастағы тұрғыны 17 жасар ұлының жоғалып кеткені туралы хабарласқан. Тұрғынның айтуынша, ұлы наурыздың 22-нен 23-не қараған түні үйінен белгісіз бағытта шығып, қайта оралмаған.
Тергеу барысында кәмелетке толмаған жасөспірімнің телефон нөмірінен үйден өз еркімен кетуге шешім қабылдағаны және қайтып оралмайтыны туралы хабарлама келгені анықталды. Сол күні туыстары жасөспірімді іздей бастаған. Өз бетінше іздеуден нәтиже шықпаған соң, ата-анасы полицияға жүгінген.
Кейінірек жас жігіттің үйден кетуінің себебі - оның ата-анасы 16 жастағы дос қызы сөйлесуге тыйым салған, отбасылық жанжал болған. Сосын жасөспірім өзі ғана емес, сүйіктісімен бірге кеткен.
Кәмелетке толмаған екі жасөспірімді іздеуге Жамбыл облысының қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды. Жасөспірімдер туралы бағдар республиканың барлық облыстық Полиция департаменттеріне жіберілді. Іздеу шараларына еріктілер де тартылды.
Анасының айтуынша, кетіп бара жатқан кезде кәмелетке толмаған баланың қолында ұялы телефоны және аз-маз ақшасы (металл сынықтарын жинап-тапсырған қаржы) болған.
14 күн бойы іздеген жасөспірімдерді Қырғызстанның полиция қызметкерлері тапты. Жастардың денсаулығы мен тәртібіне, олардың өміріне еш қауіп төнбеген. Олар полициядан жасырыну үшін шашын қара түске бояп, сыртқы келбетін өзгерткен.
Жасөспірім Қырғызстанда металл сынықтарын тапсыру кезінде ұсталды. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері Қырғызстанға кетті.