Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде
Павлодарда 19 жастағы бойжеткенді көлік қағып кетті, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы сағат 13.40-та Лермонтов – Мәшһүр Жүсіп көшелерінің қиылысында болды.
«ВАЗ-2107» маркалы автокөлігінің 72 жастағы жүргізушісі жолды бағдаршамның рұқсат беретін сигналына кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кетті, - дейді департаменттегілер.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 19 жастағы қыз жарақат алып ауруханаға жеткізілді. Сараптама тағайындалды.