06.04.2021, 13:43
Оқиғалар
Павлодарда өз-өзіне қол жұмсаған полиция қызметкеріне қатысты тергеу басталды
Өзін-өзі өлтіру фактісі бойынша қоңырау 5 сәуірде түскен
Павлодар облысының полиция департаментіндегілер полиция қызметкерінің өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша түсініктеме берді. Ведомство өкілі «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бабы бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді.
«Өзін-өзі өлтіру фактісі бойынша қоңырау 5 сәуірде түскен. Аталған факті тіркеліп, Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мән-жайлар мен себептер анықталуда, - деді ПД бастығының міндетін атқарушы Жасқайрат Қайыров.
Полиция өкілі тергеу мүддесіне қатысты басқа ақпараттар жарияланбайтынын атап өтті.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)